KZ

«HOME PARQ» ҚОНАҚҮЙІ – БҰЛ СЕРВИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ДӘСТҮРІНІҢ КӨРІНІСІ

«Home Parq» қонақүйі Екібастұз қаласының дәл орталығында орналасқан шағын ғана жайлы қонақүй. Қонақүйге жақын жерде банкілер, сауда және ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, сондай-ақ қалалық паркілер мен саябақ орналасқан. 2012 жылдан бастап «Home Parq» қала ішіндегі қонақүйлердің ішінде ең жақсысы болып келеді. Біз өз қонақтарымыз үшін барынша ыңғайлылықты, үй ішіндегідей жайлылықты қалыптастыруға баса көңіл аударамыз. Біз халықаралық стандарттарды ұстана отыра, қазақи қонақжайлылық дәстүрін де құрметтейміз. «Home Parq» қонақүйін таңдай отыра, дұрыс таңдау жасағаныңызға сенімді болыңыз.

Қонақ үй туралы

ТЕРЕЗЕДЕН ҚАЛА КӨРІНІСІН ҚАРАЙ АЛАТЫН АТМОСФЕРАМЕН РАХАТТАНЫҢЫЗ

«Home Parq» қонақүйі Сіздерге түрлі категориялы нөмірлерді ұсынады. Эконом-класстағы ыңғайлы әрі кең нөмірлерден бастап толыққанды демалыс пен жұмыс жасау үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған апартаментттерге дейін нөмірлері бар. Біздің қалаға жұмыс бабымен келетін қонақтар ыңғайлы жұмыс кабинеті бар нөмірлерді ерекше бағалайды.

«TERRA» КАФЕСІ

Еуропалық, орыс және дәстүрлі ас мәзірі бар ыңғайлы, жайлы «Terra» кафесіне баруды ұсынамыз. Мұнда Сіз фирмалық пісірілген нанды, хош иісті кофені, сондай-ақ авторлық үй лимонады мен шайдан тати аласыз.

МЕЙРАМХАНА & ТЕРАССА
ЖАЙЛЫ ТҰРУ

«Home Parq» қонақүйінің ыңғайлы және әсем нөмірлері толыққанды демалыс пен жұмыс үшін қажет барлық заттармен жабдықталған бірегей орындар. Біздің қалаға жұмыс бабымен келетін қонақтар ыңғайлы жұмыс кабинеті бар нөмірлерді ерекше бағалайды. Ал ұзақ мерзімге келетін қонақтар үшін жеке ас үйі бар нөмірлерлі қуанат ұсынамыз.

ЕҢ ЖАҚСЫ БАҒА

Кепілі аз бұл өмірде Сіз біздің «Үздік тариф кепіліне» сенімді бола аласыз. Home Parq.com арқылы тікелей бронь қойған кезде Сіз үшін ең жақсы тариф ұсынылатынына кепілдік Бере аламыз. Сондай-ақ біздің ресми сайт арқылы нөмірді брондау кезінде броньға деген өз өтінімді алдын ала және тегін жоя немесе өзгерте аласыз.

ТЕРАССА

Жылдың жылы маусымдарында өзіміздің жазғы террасамызға шақырамыз, мұндай Сіз ыңғайлы жаппа астында мангалда әзірленген тағамдардан рахаттана отырып дәм тата аласыз. таза ауа мен біздің гүлденген бағымыз арқылы хош иісті атмосфераға үңіліп, көтеріңкі көңіл-күйде боласыз.

Арман, Қазақстан
Барлығы да ұнады. Таза және жарық нөмір: жататын бөлме және жеке жұмыс кабинеті. Сантехника мен жиһаздың барлығы да жаңа, жақсы күйде. Қажетті заттардың барлығымен жабдықталған. Персонал жылы жүзді, күн сайын жинастырады. Бірінші қабатта қолжетімді бағалары бар кафе орналасқан.
Елена, Қазақстан
Керемет қонақүй, тәтті таңертеңгілік ас, ресепшендегі өте сыпайы қыздар. Барлығы өте керемет. 5 баллдан 5 балл.
Сергей, Ресей
Бұл отельде осымен 3-інші реет тоқтатылды – барлығы, әдеттегідей, өте жақсы. Осы қаладағы барлық қонақүйлердің ішінен жақсысы осы деп ойлаймын: кең үлкен нөмірлер, жақсы мейрамхана, барлығы да таза, жинақы.
Мустафа, Литва
Мұнда бірнеше реет тоқталдық. Нөмірлері өте үлкен, таза, жақсы және персоналы да өте қызметшіл. Қаланың дәл ортасы. Жақсы мейрамханасы бар. Таңертеңгілік асқа берілетін тағамдардың мөлшері үлкен, тойып жейтінмін.
Лиана, Қазақстан
Кең, әдемі, барлығы жинақы және ыңғайлы, жақсы тамақтандырады. Қонақүй орталықта орналасқан. Нөмірімде негізгі бөлме, жұмыс үстелі қойылған гардероб бөлме және кең тумбасы мен үлкен айнасы бар кең ванна бөлмесі болды
Татьяна, Ресей
Өте жақсы қонақүй. Нөмірлері таза, ыңғайлы. Кафеде таңдау жақсы. Персоналы ілтипатты және бауырмал. Қонақүй еуропалықтардан кем емес.
Петр, Ресей
Қонатын болсаңыз, осында ғана қоныңыз! Жақсы интерьер, жылы жүзді персонал, мейрамханасы да жаман емес! Менде «стандарт» санатындағы нөмір болды: екі бөлмелі болып шықты, үлкен кереуеті, ТВ, кондиционер және үп-үлкен шкафы, ал екінші бөлмесінде жазба үстелі мен диван болды. Мұның барлығы 4 мың рубльден де аз тұрды!!!
Заир, Ресей
Екібастұз үшін өте жақсы отель. Далада -34 градус болған кезде нөмірдің іші өте жылы болды. Астындағы мейрамханада да бағалары қолжетімді, тамақтары дәмді, қызмет көрсетулері жақсы.
Иван, Ресей
Іскелік мақсатпен барғанымда қонақүйде болдым. Нөмірде толыққанды ас үй болды. Тегін wi-fi және Интернет жылдамдығы өте жақсы. Екібастұз үшін отель өте жақсы.
Ирина, Ресей
Кабинеті бар нөмірді орналасуы өте ыңғайлы, розеткалардың қажетті көлемі бар, іссапарда жүргендерге кешке жұмыс жасауға ыңғайлы бооып келетін үстел лампасы бар. Теледидарда Ресейдің көптеген арналары істейді.
Алексей, Ресей
Персонал жылы жүзді, нөмір ішінде таза, кондиционер өте жақсы жұмыс жасайды, тамақтандыру жақсы, ұсынамын.
Мадина, Қазақстан
Үйдегідей өте ыңғайлы, жайлы. Барлық персонал жылы жүзді, бауырмал. Іссапарда болдым, бірақ демалыста болғандаймын!!! Ең керемет отель!
Аселек, Қазақстан
Ас үйлеріңіз тамаша! Ғажап кәуаппен тойып шықтым, рахмет.
Аня, Ресей
Өзім бұл қонақүйде тоқтаған жоқпын, бірақ үнемі онымен жұмыс жасаймыз. Персоналы өте сүйкімді, сондықтан да клиенттердің көбі дәл осы қонақүйді сұрайды.