KZ

Компания туралы

Біздің компания 2012 жылдан бастап Екібастұз қаласында қонақүй, мейрамхана, сондай-ақ апарт қызмет көрсетулерді ұсынумен айналысып келеді.

«Home Parq» қонақүй құрған кезде біз  қонақтардың осында тұратын уақытындағы барынша жайлы, үйдегідей ыңғайлы болуын ойладық, ұсақ детальдардан бастап рухани қонақжайлылық сияқты нәрселерге назар аударатын Азиялық қызмет көрсету мәдениетін басшылыққа алдық.

Қонақүйдің әрбір нөмірі стильдің жалпы концепциясына сәйкес орындалды.

Қонақтарымыз үшін барынша ыңғайлылықты құру біз үшін маңызды болып табылады.

Қонақүйде ұсынылатын қызметтің сапасына кепілдік бере отыра, сүйікті орнына айналатындай етіп, әрбір қонақтың жүрегін жаулап алуға тырысамыз.

Ұзақ мерзімге келетін қонақтар үшін жұмыс және демалыс үшін қажетті барлық заттармен: ыңғайлы жиһаз, заманауи тұрмыстық техника, клинигтік қызметтермен жабдықталған, сондай-ақ қала орталығына жақын орналасқан қалалық апартаменттерді ұсынамыз.

Қонақтарымызға үздік аспазшы, ең сүйкімді және ілтипатты персонал жұмыс жасайтын  «Terra» кафесіне баруды ұсынамыз. Ыңғайлы үйдегідей жағдайларда ұлттық және еуропалық дәмді тағамдардан алып, хош иісті кофе немесе сергіткіш коктейль іше аласыз.

Біздің команда – Сіздерді жылы қабылдап, қонақүйімізде болған күндерден орасан зор әсер сыйлай алатын кәсіби мамандар.

Біз әрқашан сізге қуаныштымыз және бізді таңдағаныңызға шексіз алғыс айтамыз!

Біздің құндылықтар және дәстүрлер

Ұжымдық мәдениеттің және біздің барлық жұмысымыздың негізінде жетіле түсуге деген талпыныс жатыр, біз әрдайым өзгерістерге дайынбыз, ашықпыз, адал және әділ жұмыс жасаймыз.