KZ
Арман, Қазақстан
Барлығы да ұнады. Таза және жарық нөмір: жататын бөлме және жеке жұмыс кабинеті. Сантехника мен жиһаздың барлығы да жаңа, жақсы күйде. Қажетті заттардың барлығымен жабдықталған. Персонал жылы жүзді, күн сайын жинастырады. Бірінші қабатта қолжетімді бағалары бар кафе орналасқан.
Елена, Қазақстан
Керемет қонақүй, тәтті таңертеңгілік ас, ресепшендегі өте сыпайы қыздар. Барлығы өте керемет. 5 баллдан 5 балл.
Сергей, Ресей
Бұл отельде осымен 3-інші реет тоқтатылды – барлығы, әдеттегідей, өте жақсы. Осы қаладағы барлық қонақүйлердің ішінен жақсысы осы деп ойлаймын: кең үлкен нөмірлер, жақсы мейрамхана, барлығы да таза, жинақы.
Мустафа, Литва
Мұнда бірнеше реет тоқталдық. Нөмірлері өте үлкен, таза, жақсы және персоналы да өте қызметшіл. Қаланың дәл ортасы. Жақсы мейрамханасы бар. Таңертеңгілік асқа берілетін тағамдардың мөлшері үлкен, тойып жейтінмін.
Лиана, Қазақстан
Кең, әдемі, барлығы жинақы және ыңғайлы, жақсы тамақтандырады. Қонақүй орталықта орналасқан. Нөмірімде негізгі бөлме, жұмыс үстелі қойылған гардероб бөлме және кең тумбасы мен үлкен айнасы бар кең ванна бөлмесі болды
Татьяна, Ресей
Өте жақсы қонақүй. Нөмірлері таза, ыңғайлы. Кафеде таңдау жақсы. Персоналы ілтипатты және бауырмал. Қонақүй еуропалықтардан кем емес.
Петр, Ресей
Қонатын болсаңыз, осында ғана қоныңыз! Жақсы интерьер, жылы жүзді персонал, мейрамханасы да жаман емес! Менде «стандарт» санатындағы нөмір болды: екі бөлмелі болып шықты, үлкен кереуеті, ТВ, кондиционер және үп-үлкен шкафы, ал екінші бөлмесінде жазба үстелі мен диван болды. Мұның барлығы 4 мың рубльден де аз тұрды!!!
Заир, Ресей
Екібастұз үшін өте жақсы отель. Далада -34 градус болған кезде нөмірдің іші өте жылы болды. Астындағы мейрамханада да бағалары қолжетімді, тамақтары дәмді, қызмет көрсетулері жақсы.
Иван, Ресей
Іскелік мақсатпен барғанымда қонақүйде болдым. Нөмірде толыққанды ас үй болды. Тегін wi-fi және Интернет жылдамдығы өте жақсы. Екібастұз үшін отель өте жақсы.
Ирина, Ресей
Кабинеті бар нөмірді орналасуы өте ыңғайлы, розеткалардың қажетті көлемі бар, іссапарда жүргендерге кешке жұмыс жасауға ыңғайлы бооып келетін үстел лампасы бар. Теледидарда Ресейдің көптеген арналары істейді.
Алексей, Ресей
Персонал жылы жүзді, нөмір ішінде таза, кондиционер өте жақсы жұмыс жасайды, тамақтандыру жақсы, ұсынамын.
Мадина, Қазақстан
Үйдегідей өте ыңғайлы, жайлы. Барлық персонал жылы жүзді, бауырмал. Іссапарда болдым, бірақ демалыста болғандаймын!!! Ең керемет отель!
Аселек, Қазақстан
Ас үйлеріңіз тамаша! Ғажап кәуаппен тойып шықтым, рахмет.
Аня, Ресей
Өзім бұл қонақүйде тоқтаған жоқпын, бірақ үнемі онымен жұмыс жасаймыз. Персоналы өте сүйкімді, сондықтан да клиенттердің көбі дәл осы қонақүйді сұрайды.