KZ

«Home Parq» қонақ үйінде мекендеу ережесі

Жалпы ережелері

1.1.Нағыз ереже «Home Parq» қонақ үйінде қызмет көрсету мен мекендеу, орналастыру, брондау ретін орнатады.

1.2.Назар аударуыңызды сұраймыз «Home Parq» қонақ үйі мен «Terra» кафесі төңірегінде темекеі шегуге қатаң тиым салынады! Темекі шегуге арнайы бөлме «Темекі шегу бөлмесі» немесе самалдықта,жазғы мезгілде терраса күркесінде. Қонақ үй әкімшісі өрт қауіпсіздігін бұзу,тиісті емес жерде темекі шегу және заңды талаптарға бағынбау үшін айыппұл салуға құқы бар.

1.3.Осы ережеде уәделеспеген ережелері бойынша қонақ үй әкімшісі Қазақстан Республикасының Заңы мен ережелерін басшылыққа алады.

1.4. Қонақ үй қызметкерлері және бөлмелер жайлылығы бойынша пікір мен ұсыныстарыңызды Ресепшндегі кітапқа жазуыңыз болады.

2.Бөлмелерді брондау

2.1.Қонақ үйдегі бөлмеге  ұсынысты нақты тұтынушы немесе брондайтын мекеме дәлелдеп,  пошта,ауызша, электронды түрде немесе телефон байланысы арқылы  брондауды орындайды.

2.1.1. Пошта байланысы: индекс 141200.Қазақстан Республикасы,Екібастұз қаласы, М.Жүсіп көшесі, 69 үй.

2.1.2. Телефон арқылы байланыс: +7(7187)77-00-00,+7(7187)77-06-96,+7 701 963 9930 (WhatsApp)

2.1.3. Электронды байланыс: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., және ұсынысты ресми сайтқа жіберуіңізге болады www.homeparq.com

2.2. Бірінші кезекте дәлелдеген кепілді бронь иесі орналастырылады.Өзгелері кезек бойынша орналастырылады.

2.3.Қонақ бронь дәләлдемесін алған соң ғана бөлменің брондалғанын растайды.

2.4.Брондау кепілдігі төлем ақысы толық немесе бір тәулік құны ыңғайлы есеп айырысу тәсілімен төленген соң.

2.5.Жолаушының кешігіп келуі белгіленген күнде бір тәуліктен кем ескертіліп, брондаудан бас тарту жағдайында бөлменің бос тұрғаны үшін тұтынушы бір тәулік үшін төлейді.

2.6.Қонақтың кешігіп немесе келмей қалған жағдайда бірінші тәулік төлемақысы қайтарылмайды.

2.7.Кепілдіксіз брондау жағдайында-бөлменің броні келетін күннің сағат 18.00-ге дейін ғана сақталады содан соң күші жойылады.

3.Қонақтарды орналастыру.

3.1.Келу уақыты-14.00-ден кейін (жергілікті уақыт)

3.2.Қонақ үй уақытша мекендеуге арналған орын оның мерзімі қонақ үйдің әкімшілігімен келісіледі. Келіскен уақыты өткен соң, қонақ бөлмені босатуы тиіс.

3.3.Қонақ мекендеуге рұқсат алу үшін қонақ қабылдау және орналастыру қызметіне қолданыстағы дана құжатын: ол-паспорт,жеке куәлігін, тұруға ықтиярхат, әскери билет немесе т.б.,және көші-қон картасын немесе рұқсатнамасын,егер қонақ ҚР-сымен рұқсатнама тәртіпнемеде болған жағдайда басқа елдің  азаматы әрбір баланың туу туралы куәлігін көрсету қажет ( ҚР азаматтарына 16 жасқа толмаған,РФ және басқа мемлекеттер 14 жасқа толмаған), сонымен қатар қонақ үйдің дербес деректері мен мекендеу ережесімен танысып,толтырған құжаттарға келісімін беру.

3.4.Ата-анасыз \ заңды қамқоршысыз кәмелет жасқа толмаған тұлға ата-ана\заңды қамқоршының нотариалдық сенімхат, алып жүруді дәлелдейтін құжат ұсынады.

3.5.Қонақ үйге орналастыру толық мерзіміне алдын ала төлеген соң.Сонымен қатар қонақ үй әкімшісі шағын-бар және қосымша қызмет құнын ақшалай кепіл ретінде ұстап қалу құқылы. Төлем ақы құжаттары көрсетілген қызмет үшін толық есеп айырған соң ғана қонақ шыққанда беріледі.

3.6.Брондалған бөлмеге орналастыру келісілген уақыттан(06.00- ден-14.00- ге дейін) бұрын болса, алдын ала қонақ үй қызметкерлерімен келісіледі.Бұл жағдайда «ерте орналасу» тарифі қолданылады, оның ақысы тәулік бағасының 30%.

3.5.Қонақ үйге төленген мерзімге ғана қонақ үй әкімшілігі мекендеуге мүмкіндік қамтамасыз етеді. Төленген мерзімі аяқталған соң Қонақтың қалауымен мерзімнің ұзартуы тек бос орын болған жағдайда ғана.

3.6.Мерзімді ұзарту жағдайы туындайтын болса, есеп айырысудан 2 сағат бұрын қонақ үй әкімшісіне ескерту жөн. Осы бөлменің мерзімі басқа қонақтармен брондалмаған жағдайда ғана осы бөлмеде қалуға рұқсат беріледі.

3.7.Қонақ үй әкімшісі мына жағдайларда бірге жайғастыруға рұқсат бермеуіне құқығы бар:

  • құжаттары жоқ, жарамсыз, мерзімі өткен немесе жалған құжатқа күмән болса
  • бөлменің ақысы белгіленген тәртіп бойынша төленбеген,толық төленбеген
  • қонақтың сыртқы келбеті құнтсыз,лас. Қонақ мастық халде, лайықсыз мінезде,басқыншылықта болса
  • қонақ белгіленген ішкі тәртіп ережесінен бас тартса (темекі шегу,көлік қою)
  • басқа жағдайларда ҚР-сының заңына және дұрыс мағыныға сәйкес.

4.Мекендеу төлемақсы

4.1.Есеп айырысу уақыты-12:00-ге дейін (жергілікті уақыт)

4.2.Қонақ үйдің төлемақысы  тәулік сайын

4.3.Брондау үшін төлемақы төленбейді

4.4.Алдын ала кепілденіп брондаған жағдайда, іс жүзінде қолданылатын тарифтың 100% көлемінде барлық мерзіміне,сондай-ақ бірінші тәулігіндей толық күніне төленеді

4.5.Сондай-ақ қонақтан немесе брондаған ұйымнан 2.5; 2.6; 3.6; п.п шарты бойынша төлемақы ұстап қалу мүмкін

4.6.Қайтару тарифымен мекендеу мерзімі қысқартылған жағдайда, нақты шығу күнінен 24 сағат бұрын ресепшен қызметкеріне ескерту қажет, ескертпеген жағдайда бөлме бос тұрған үшін бір тәулік құны ұсталынады.

4.7.Қонақ үй әкімшілігі бекіткен бағанамаға сәйкес брондау кезіндегі еркін «Home Parq» (келісілген) бағасы бойынша қонақ үйде мекендеу төлемақысы есеп айырысу уақытына сәйкес. Қонақ үй қызметі және кафе ақысы теңгемен қолма-қол ақшалай,брондау келісімі бойынша  қолда жоқ ақшалай немесе халықаралық есеп (кредит) төлеу жүйесі болуы мүмкін.

4.8. Қонақ үй есеп айырысу уақыты жүйесі бойынша қызмет етеді: келуі 14.00,шығуы 12.00 жергілікті уақыт бойынша. Егер қонақ уақытында бөлмені босатпаса,ондай жағдайда төлемақысы осы тәртіп бойынша ұсталынады:

  • есеп айырысу уақытынан 6 сағат асса, тәулік ақысынан 50% төленіледі
  • 00-24.00 дейін есеп айырысу уақытынан соң -100% төленеді
  • егер қонақ есеп айырысу уақытына дейін 06.00-12.00 сағат аралығында келсе,онда тәулік құнының 30% төленеді
  • егер қонақ есеп айырысу уақытына дейін сағат 06.00 де орналасса,толық тәулік құны төленеді

4.9.Бөлме құны және қосымша қызмет көрсету туралы ақпарат қолданыстағы бағаларға Ресепшендегі әкімшіден білуге болады

4.10. Отбасылы мекендеуде 6 жасқа толмаған балаға бөлек орын берілмейді және төлемақысы төленбейді.Баланың таңертеңгі асы «Terra» кафесінің ас мәзірі бойынша қосымша төлеу арқылы.

4.11. Мекендеушілер және әкімшілік келісімімен тіркеусіз бөтен адамдар қонақ үй бөлмесінде сағат 23.00-ге дейін болуы рұқсат.

4.12.Бөтен адам қонақ үй бөлмесінде 23.00 сағаттан  кейін немесе тіркелген қонақ оны түн мезгілінде (23.00-ден-08.00-ге дейін) өткізген болса, бөтен адам 3.3 п.п сәйкес құжаттарын бірге жайғастыру үшін ұсыну қажет. Бекітілген «Home Parq» бағанамасына сәйкес сол адам  екі орынды бөлме құнын өтейді.Орналастыру бос орынға жасалады. Қосымша орын ұйымдастыруы бағанамаға сәйкес болуы тиіс.

5.Қонақ үйде мекендеу тәртібі.

5.1.«Home Parq» қонақ үйінің жұмыс тәртібі аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат.

5.2. «Terra» кафесіндегі таңертеңгі ас сағат 07.00- ден-10.30-ға дейін. Таңертеңгі асты ерте ішкен жағдайда Ресепшен әкімшісіне 21.00-ге дейін ескерту керек.

5.3.Қалалық коммуналды қызметі (аврия) жұмыстарына,төтенше жағдайлар себебімен су,электр қуаты, жылу қуаты өшірілген жағдайда қонақ үй әкімшілігі жауапты емес.

5.4.Қонақтың мекндеу кезінде үйді жиыстыру жұмыстары екінші күннен бастап сағат 17.00-ге дейін.

5.5. «Люкс» және «Апартаменты» санатынан басқа бөлмелерінің барлықтарында төсек орнын ауыстыруы үш күнде бір рет. «Люкс» және «Апартаменты» санатты бөлмелердің төсек орны күн сайын ауыстырылады. Бағанамаға сәйкес қонақтың өтінішімен қосымша төлемақы үшін төсек орын ауысуы мүмкін.

5.6. Сүлгілер барлық санатты бөлмелерде күн сайын орналасқан күннің екінші күнінен бастап ауыстырылады. Бағанамаға сәйкес қонақтың өтінішімен қосымша төлемақы үшін халат және сүлгі жиынтығы ауыстырылуы мүмкін.

5.7. Душ және жеке гигиена құралдары қажеттілікке байланысты ауыстырылады.

5.8. Мекендеу кезінде қонақ үй қызметкерлері қажет болса\ қонақтың талабымен күн сайын шағын-барды ас мәзіріне сәйкес азық-түлікпен толықтырады.

5.9.Шешуді керек қылатын мәселелер :түтіндеу,өрт,су жайылу,тұрмыстық құралдарды қолдану,қонақтың ішкі тәртіпті бұзу жағдайларында қонақ үй әкімшілігі тұрғындарды ескертпей бөлмеге кіруге құқығы бар.

5.10.Егер қонақтың ұмытып кеткен заттары болса, қонақ үй әкімшілігі иесіне қайтаруға тырысады. Сол заттар қонақ үйде 6 айдай сақталады,ал иесі табылма,немесе ескерпеген жағдайда зат кәдеге жаратылады.

  • Қымбат заттар,зергерлік бұйымдар,сағат,кредит карта,паспорт,жүргізуші куәлігі,көлемді сомалардың сақтау мерзімі бір жыл,бір күн.
  • Құны көп емес заттар (заряд құралы,кәдесый,ұсақ тұрмыстық құрылдар ) табылған зат бөлімінде үш ай сақталады,содан соң иесіне беріледі немесе кәдеге жаратады.
  • Бөлмеде қалған санитарлық ереже бойынша тез бұзылатын азық-түлік, сусындарды қызметшілер дереу кәдеге жаратады.
  • Бітеу арақ шынысы,уылдырық, және т.б., сақтау мерзіміне сәйкес 6 ай сақталады.
  • Жеке қолдану заттары : іш киім,тарақ,бритва таза түрінде 7 күн сақталуы мүмкін. Иесі 7 күнде келмесе, заттары кәдеге жаратылады. Ашық косметика заттары (сусабын, душ сусабыны, және т.б) сақталмайды.

5.11.Қонақ бөлмесіне тәулік бойы келмесе (немесе есептесу уақытына дейін 6 сағат бұрын) қонақ үй әкімшілігі комиссия құрып бөлмедегі мүлікті тізімге алу құқығы бар.Құндылығы бар ақшалай қаражат,асыл металл,құнды құжаттарды қонақ үй әкімшілігі өз жауапкершілігіне алады.Одан басқа заттар сервис қызметінде.

5.12.Егер қонақ мекендеу ережесін және тыныштықты бұзса, тұрғындардың мазасын алса, қонақ үй әкімшілігі тәртіпті сақтау үшін шара қолдануға құқылы. Егер қонақ мекендеу ережесін және тыныштықты бұзуы, тұрғындардың мазасын алуы қайталанса,немесе әкімшілік талабына,құқық қорғау органдарына,күзет қызметкерлеріне көнбей, материалды шығынға келтіріп немесе тұрғындарға ыңғайсыздық келтірген жағдайда қонақ үй әкімшілігі орналастырудан бас тартуға және шығарып жіберуге құқылы.

5.13. . Егер қонақ мекендеу ережесін және тыныштықты бұзып, тұрғындардың мазасын алып, қонақ үй қызметіне төлемақысы мезгілімен төленбесе, материалды шығынға келтірсе, қонақ үй әкімшілігі мекендеу мерзімін жалғастырмауға құқылы.

5.14.Қонақ үй әкімшілігі ,егер қонақ атынан шағым түссе, заңға сәйкес жанжалды тәртіптеуге шара қолдануға құқылы.

5.15. Қонақ бөлмесінде «Мазаламау» жазуы болғанда және қонақ үй әкімшісі жиыстыру жұмыстары бойынша ескертілмеген болса, сағат 16.00-ден соң әкімші анықтау үшін телефон соғу тиіс. Телефонға жауап берілмесе, қонақ үй әкімшісі жағдайды анықтау мақсатымен бөлмеге кіруге құқылы,себебі қызметкер күніне 1 рет тұрғын бөлмені көру міндетті.

6.Қонақтың мекендеу уақытындағы міндеті

6.1. Темекі шегуге арнайы бөлме «Темекі шегу бөлмесі» немесе самалдықта,жазғы мезгілде терраса күркесінде. Осы ережені бұзған жағдайда, қонақ үй әкімшілігі қонаққа бір тәулік төлемақысы мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

6.2.Қонақ және қонақ үй қызметкерлеріңің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен (көпшілік алдындағы ауыз үй, дәліз, сыртқы төңірек) Әкімшілік бейнебақылау жүргізуге құқы бар.

6.3.  Қонақ бөлмесіне тәулік бойы келмесе (немесе есептесу уақытына дейін 6 сағат бұрын) қонақ үй әкімшілігі комиссия құрып бөлмедегі мүлікті тізімге алу құқығы бар.

6.4. Пікір мен ұсыныс кітабы қонақ үй Ресепшенінде және қонақтың бірінші ұсынысымен беріледі (тек мастық күйіндегіге берілмейді). Ұсыныс пен шағымдар заңға сәкес жане жазбаша түрінде қабылданады. Қонақ үй және «Terra» кафесі қызметі бойынша пікір мен тілектер бөлмедегі Қонақ Сауалнамасын толтыру арқылы.

6.5. Бұл ережеде қарастырылмаған жағдайларда, қонақ және әкімшілік Қазақстан  Республикасының заңына негізделеді.

6.6. Өрт қауіпсіздігін және электр құрылғыларын қолдану ережелерін сақтау.

6.7. Электржылытқыш құрылғыларды бөлмеде қолданбау.

6.8. Жабдық пен мүлікке ұқыпты болу. Қонақ үй мүлкін жарамсыздыққа келтіру немесе бүлдіру жағдайында  және т.б. зиянды өтелеу. Зиянның бағасы «қонақ үй мүлкін бүлдіру бағанамасы» негізінде қарастырылады сонымен қатар тұрғын шақырған қонағына да жауапты.

6.9. Қонақ үйде мекндеу ережесін сақтау: қонақ үйде және бөлмеде тазалықты, тыныштықты және қоғамдық тәртіпті.

6.10. Терезені жабу, қолданып болған сщң су құбырының шүмегін жабу, шам,теледидар,кондиционерді сөндіру.

6.11. Бөлмеден жеке заты жоғалғанда шұғыл түрде іздеу шараларын бастау үшін әкімшілікке ескерту.

6.12. Бағалы, құнды заттар, ақша және құжаттарды бөлмедегі электронды жағданда сақтау керек (тегін қолданыста).

6.13. Көрсеткен қызмет және қосымша қызмет үшін дер кезінде және толық өтеу қажет.

6.14. Есеп айырысу ережесін сақтау.( күндізгі 12.00.)

6.15. Шығудан бұрын қонақ үй қызметіне бөлмені тапсыру, содан соң бөлменің кілтін тапсыру және егер үшінші жақ ресми түрінде өз шотынан  төлемесе, төлемақысын төлеу. Есеп айырысқан соң, қонаққа төлеу құжаттары мен түбіршек беріледі.

6.16. Жоғары айтылған ережелері сақталмаған жағдайда, қонақ үй әкімшілігі айыппұл салып, мезгілінен бұрын шығаруы мүмкін.

7.Қонақ үйдің тыйым салу ережесі:

7.1. Бөлмеге таныс емес немесе бейтаныс адамды шақыру, бейтанысты бөлмеде қалдыру,бөлменің кілтін бейтанысқа беру және есікті ашық тастау.

7.2. Қонақ үй төңірегінде және бөлмеде темекі шегу ( 2015 жылдың 6 сәуірінен № 299-V,159 бабы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, № 193-IV 2009 жылдың 18 қыркүйекте қабылданған ҚР Кодексі денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы). Осы міндеттемені бұзған жағдайда қонақ үй әкімшілігі рұқсат емес жерде темекі тартқанға құқық қорғау органдарына әкімшілік жауапқа тарту үшін хабарлау керек. Бұл жағдайда қонақ үй әкімшілігі жоғарыда айтылған қонақ үй төңірегінде темекі шегу ережесі сақталмаған және тәртіп бұзып,  жауапкершілікке тартылса, тұрғынға айыппұл салуға құқығы бар. Бөлмеде де темекі шегу зияны тисе, тұрғынға айыппұл салуға құқығы бар(ұзақ желдету,иісті шығару,тоқыма матаны жуу үшін). Бөлмеде темекі шегу үшін айыппұлы тәулік бағасына тең. Қонақ үй төңірегінде темекі шегу  үшін айыппұл мөлшерін Ресепшен қызметкерлері түтін басқан көлеміне байланысты анықтайды.

7.3.Музыка және т.б. шу дыбысының қатты үндеуі.

7.4. Қонақ үй төңірегін ластау.

7.5. Зор жүк, оңай жаңғыш, жарылғыш, улағыш, еліткіш, суық қару, оқ ату қаруы, химия және радиактивті заттектер, сынап сақтау.

7.6. Спирттік ішімдіктер және басқа ішімдіктер мен азық-түліктер кафе, лобби-бар және бөлмеден басқа, қонақ үйдің қоғамдық орындарында ішке қолдану.

7.7.Қонақ үйдің ішінде қарастырылмаған жағдайда, жылыту құрылғыларымен.

7.8. Көрші бөлмедегі тұратын адамдардың мазасын алу.

7.9. Төсек орынды, жиһазды шығару, орнынан қозғау.

7.10. Жануарларды (құс,балық) әкелу немесе бөлмеде ұстау.

7.11. Бөлмеде жиынтықталған ыдысты асхана құралдарын және басқа бөлме мүліктерді

шығару.

8.Мекендеу мерзіміндегі қызмет түрлері.

«Home Parq» қонақ үйінің тегін қызмет тізбегі:

  • күзеетудегі көлікті қоятын орын.
  • интернет қызметімен қолдану, сымсыз қосылу (Wi-Fi қосылу үшін кодын Ресепшеннен алуға болады).
  • Жағдан ( бөлмедегі тегін қолданудағы жеке жағданда ақша,паспорт, бағалы, құнды заттар, ақша және құжаттарды. Қараусыз қалған заттарға қонақ үй қызметкерлері жауап бермейді).
  • теледидар (бөлмеңізде орнатылған плазмалық теледидар арқылы сіз халықаралық каналдарды көре аласыз, ол үшін бөлмеңіздегі теледидарлық пульт бар,туындаған сұрақ болған жағдайда Ресепшеннен сұрасаңыз, қонақ үй әкімшісі көмек көрсетуге дайын).
  • үтік тақтайшасы,үтік, қырыну және тігу жиынтығы, ыстық су ұсынылады.
  • халат (Эконом санатынан басқа барлық бөлмелерде қарастырылған).
  • жүкті жақындату ( жеке қонақтар үшін ).
  • қонаққа арнайы жеткізілген корреспонденция бөлмесіне әкелінеді.
  • медициналық қобдишамен қолдану.
  • ұсынылған уақытта ояту.
  • такси шақырту, көлікке тапсырыс жасау.
  • ұшақ және темір жол билетіне тапсырыс беру.
  • ойын-сауық іс шара қызметтерін брондау.
  • SPA және сұлулық салондарына жазылу.
  • жедел жәрдем көмек шақыру.

Қосымша қызмет түрлері (қосымша қызмет төлемақысы қазіргі бағанамаға сәйкес).

  • азық-түлік және салқын сусындармен шағын-бар (шағын-бар өнімдердің сұрыпталымы күн сайын толықтырылады, ал тапсырыс берген азық-түлік бағасы шотыңызға автоматты енгізіледі).
  • room-servise (егер Сіз таңертеңгі,түскі немесе кешкі асты бөлмеңізде ішкіңіз келсе, Сіз өз бөлмеңіздегі телефоныңыздан 410 нөмірін теріп, осы қабаттың қызмет көретуін қолдануыңыз мүмкін. Төлемақысы ас мәзірінің бағасына қызмет көрсетуі де қосылады).
  • телефония (Сіз өз бөлмеңіздегі телефоныңыздан теріп, әлемнің кез келген жеріне телефон шалуыңыз мүмкін: 9+8 (гудок)+қала коды+ абонент нөмірі, халақаралық шалу үшін 9+8 (гудок)+10+қала коды+абонент нөмірі.Туындаған сұрақ, көмек және бағасы туралы Сіздің (401) Ресепшенге хабарласуыңыз болады.
  • кір жуу қызметтері (кір жуу,үтіктеу,химиялық тазалау кір жуу қызметі бағанамасына сәйкес. Қызмет көрсету туралы толық ақпаратты Сіз бөлмеңіздегі кір жуу тапсырмасына арналған сауалнаманы толтыруыңыз керек).
  • мәтін теру, көшірме жасау,факс жіберу.
  • жас жұбайларға арналған пакет.
  • бөлмені үстеме жинау.
  • қосымша сүлгі\төсек орны жиынтығы.
  • гүлге тапсырыс беру және оны жеткізу.